Accessibility links

Палестина автономиясында жергілікті сайлау өтеді


Палестина автономиясында жергілікті билік орындарына сайлау шілденің 9-ында өтеді. Мұндай шешімді бүгін автономия үкіметі хабарлады.

Үкімет кабинеті өкілі "сайлау автономияның екі бөлігінде де жарияланады" деді. Бірақ Газа аумағын бақылап отырған исламшыл ХАМАС қозғалысы кедергі келтіре ме деген қауіп те бар.

Ондай оқиға болса, дауыс беру Иордан өзенінің Батыс жағалауында ғана өтеді.

Палестина автономиясында сайлау соңғы рет 2005 жылы өткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG