Accessibility links

Президенттікке кандидат Уәлихан Қайсар сынақтан өтпеді


Қазақстанда сәуірдің 3-інде өтетін кезектен тыс президент сайлауына қатысуға өтініш берген үш үміткердің бірі - Уәлихан Қайсар қазақ тілі емтиханынан өте алмады деп хабарлады лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

Кеше орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов президентке кандидаттардың қазақ тілін білу деңгейін тексеретін лингвистикалық комиссия мүшелері талапты күшейтеді деген еді.

Мырзатай Жолдасбековтің айтуынша, Уәлихан Қайсаров шығарма жазғанда тақырыпты аша алмаған, орфографиялық қателері көп болған, қосымша сауалдарға дәл жауап бермеген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG