Accessibility links

Пәкістанда полиция мінген көлік минаға түсті


Сейсенбі күні Пәкістанның солтүстік-шығысында болған жарылыс кезінде екі полицей көз жұмып, тағы екі полицей жараланды.

Оқиға Хайбер-Пахтунхуа провинциясының әкімшілік орталығы Пешавар қаласының маңында болды. Полиция мінген көлік иен қалған тексеру-өткізу орнында болған жарылысқа келген кезде фугасқа ұрынған.

Осы күні әскери авиация Ауғанстанмен шекаралас Оракзай ауданында тәлібтерге соққы берді. Он содыр мерт болып, алты адам жаралғанды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG