Accessibility links

Британ сыртқы істер министрі Израиль премьерін сынады


«Таймс» газетіне берген сұқбатында Ұлыбритания сыртқы істер министрі Уильям Хейг Израиль үкімет жетекшісі Биньямин Нетаньяхудың сөзін сынап, қазір «жаугершілік қызылсөзге» жүгінетін уақыт еместігін атап айтқан.

Сонымен бірге Уильям Хейг Тунис, Египет және Иорданиядағы соңғы оқиғалар Таяу Шығыстағы бейбіт процеске қауіп төндіруі мүмкін екенін де жоққа шығармаған.

Бұған дейін Египеттегі ахуалға байланысты сөзінде Биньямин Нетаньяху ол елде өрбитін барлық жағдайға Израильдің дайын болуы керектігін айтып, қорғанысты нығайтуға шақырған еді. Египеттегі ірі оппозициялық күш – «Мұсылман бауырлар» исламшыл ұйымы Египет пен Израиль арасында бейбітшілік туралы жасалған «Кемп-Дэвид келісімін» қайта қарау керек деп санайды.

Сейсенбі күні Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдеріне үш күндік сапарын Тунистен бастаған британ сыртқы істер министрі Уильям Хейг одан кейін Иорданияға аттанды.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG