Accessibility links

Ержан Қазыханов сыртқы істер вице-министрі болып тағайындалды


Қазақстан президентінің өкімімен Ержан Хозеұлы Қазыханов Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ақпарат президенттің ресми сайтында жарияланды.

46 жастағы Ержан Қазы­ханов 2008 жылдың соңынан күні кешеге дейін Қазақстанның Австриядағы төтенше және өкілетті елшісі және Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанында­ғы тұрақты өкі­лі болды.

Қазыханов бұған дейін - 2007 жылдан 2008 жылға дейін Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG