Accessibility links

Данияр Берлібаев «КазТрансГаз» компаниясының бас директорлығына тағайындалды


«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің шешімімен Данияр Әмірбайұлы Берлібаев «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы бас директоры (басқарма төөрағасы) қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ақпаратты бүгін «ҚазМұнайГаз» баспасөз қызметі таратты.

42 жастағы Берлібаев бұған дейін «ҚазМұнайГаз – қайта өңдеу және маркетинг» акционерлік компаниясының бас директоры қызметін атқарған.

Толықтай мемлекет меншігіндегі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрамына енетін «ҚазТрансГаз» ұлттық газ тасымалдау компаниясы магистралды газ құбырларымен табиғи газ тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы рыноктарда газ сатумен айналысады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG