Accessibility links

Екі Корея бір бірінен ажырап қалған отбасылар туралы келіссөздер өткізбек


Оңтүсік Корея үкіметі Солтүстік Кореяның билігімен соғыс уақытында бір бірінен ажырап қалған отбасыларды табыстыру және өзгедей гуманитарлық мәселелер жөнінде келіссөздер өткізуге келісті.

Оңтүстік Кореяның бірігу министрлігінің өкілі Ли Джонг-Джоудың айтуынша, Солтүстік Корея ажырап қалған отбасылар жөнінде Қызыл Крест ұйымы өкілдерінің қатысуымен келіссөздер өткізу туралы әуелі қаңтардың 10-ында, одан соң ақпанның 1-і күні ұсыныс жасапты. Бұл келіссөздердың нақты қашан өтетіндігі екі ел әскерилерінің кездесуінен кейін белгілі болмақ.

1950-1953 жылдары Корей түбегінде болған соғыс кесірінен жүздеген мың адам өз туыстарынан ажырап қалған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG