Accessibility links

Мұсағали Дуамбеков қазақ тілі сынағынан өтті


Президент сайлауына қатысуға үміткер Мұсағали Дуамбеков мемлекеттік тіл сынағынан өтті деп хабарлады лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

Оның айтуынша, өзін-өзі ұсынған Мұсағали Дуамбеков жазба жұмысында өз ойын дұрыс жеткізе алатынын танытқан, бірақ бес қате жіберген. Үміткер екінші тапсырма барысында Мағжан Жұмабаевтың үш өлеңін оқыған.

Лингвистикалық комиссия төрағасының айтуынша, сынақтың үшінші бөлімі - жұрт алдында сөйлеу кезінде Мұсағали Дуамбеков өз ойын дұрыс жеткізе алатынын дәлелдеген. Комиссия мүшелері өзін-өзі ұсынған үміткер қазақ тілін еркін меңгерген деген қорытындыға келді.

Сейсенбі күні президенттікке тағы бір үміткер Уәлихан Қайсар жазба жұмысынан 28 лингвистикалық, орфографиялық және стилистикалық қате жіберіп, сынақтан өтпей қалған. Ол жұрт алдында сөйлеген кезде де бірнеше рет қателескен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG