Accessibility links

Египет вице-президенті Мүбәрәктің тез арада қызметінен кететінін жоққа шығарды


Египеттің вице-президенті Омар Сулейман «режимнің табан астында құлауы» да, президент Хосни Мүбәрәктің «тез арада қызметтен кетуі» де мүмкін емес деді. MENA мемлекеттік агенттігінің хабарлауынша, Омар Сулеймен Каирде үш аптадан бері толастамай тұрған жаппай шеруге үкіметтің «көне алмайтынын» ескерткен. Ол дағдарыс таяу арада шешілуі керек деп мәлімдеді.

Каирдегі Тахрир алаңына жиналған 250 мыңдай адам Хосни Мүбәрәктің қазір кетуін талап етіп тұр.

Омар Сулейман бұдан бұрын құрамында «Мұсылман бауырлар» да бар оппозициялық партия өкілдерімен кездескен еді. Бірақ оппозиция үкімет қолданған шараларды «жеткіліксіз» деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG