Accessibility links

"Домодедоводағы" жарылысқа қатысы бар үш күдіктінің ұсталғаны расталды


Магас соты "Домодедоводағы" жарылысқа қатысы бар үш күдіктінің ұсталғанын растады.

Жарылысты ұйымдастыруы мүмкін деген Магомед Евлоевтің (20 жаста болған) әпкесі Фатима (22 жаста) мен інісі Ахмед Евлоев (16 жаста), жергілікті тұрғын Умар Аушев (23 жаста) үшеуі екі айға қамалған. Ұсталғандардың бәріне лаңкестік, кісі өлтіру, қару мен жарылғышты заңсыз сақтау баптары бойынша айып тағылды.

Ұсталған төртінші адам - Адам Ганижевтің жарылысқа қатысы барына күмән туды деп хабарлайды ИТАР-ТАСС тергеу орындарына сілтеме жасай отырып.

"Домодедово" әуежайында қаңтардың 24-інде болған жарылыста 36 адам көз жұмған. Лаңкестік шабуылдың жауапкершілігін шешен сепаратистерінің басшысы Доку Умаров өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG