Accessibility links

АҚШ қаржылық көмек бермей қоятынын айтып, Пәкістанға ескерту жасады


АҚШ өкілдері Исламабадта Пәкістан премьер-министрі Юсуф Реза Геланимен кездескен кезде "америка елшілігінің кісі өлтірді деп айыпталған қызметкері Раймонд Дэвис бостандыққа шығарылмаса, АҚШ конгресі Пәкістанға берілетін қаржылық көмек мөлшерін азайтатынын" мәлімдеді.

Раймонд Дэвис Пәкістанның Лахор қаласында мотоцикл мінген екі адамды атып өлтірген соң, қаңтардың 27-сінде тұтқындалған еді. Раймонд Дэвис екі пәкістандық өзін тонамақ болған соң, қорғану үшін атқанын айтады. Үшінші пәкістандықты Дэвистің шақыруымен келе жатқан америка елшілігінің көлігі қағып кетіп мерт қылған.

Барак Обама әкімшілігі өткен жылғы қазан айында Пәкістанның әскери мекемесіне екі миллиард доллар ұсынған. Конгрес 2009 жылы Пәкістанға азаматтық көмек ретінде 7,5 миллиард доллар бөлетін бесжылдық жоспарды мақұлдаған.
XS
SM
MD
LG