Accessibility links

Тунисте депутаттар уақытша президентке ерекше өкілет берді


Бүгін Тунисте парламенттің жоғарғы палатасы елдің уақытша президентіне ерекше өкілет беру ұсынысын бірауыздан мақұлдады.

France-Presse агенттігінің хабарлауынша, бұл заң Тунистегі тәртіпті қалпына келтіруді мақсат етеді. Елдің бұрынғы президенті Бен Әли қаңтардың ортасында халық наразылығына шыдамай, шетелге қашып кеткен еді.

Дүйсенбі күні Тунисте парламенттің төменгі палатасы да уақытша мемлекет басшысы болып отырған Фуад Мебазаға ерекше өкілет беруді мақұлдаған.
XS
SM
MD
LG