Accessibility links

Баланы мектепке сақадай-сай етіп әзірлеу үшін қанша қаражат жұмсадыңыз?


Астананың қасындағы Қоянды аулының мектебі.
Астананың қасындағы Қоянды аулының мектебі.

Басқа жерлердегі сияқты Қазақстан мектептерінде де жаңа оқу жылы басталып кетті. Жазғы демалыстан кейін баланы мектепке дайындау, әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған кішкентайыңыздың оқуына қажетті керек-жарағын түгел тауып, алып берудің өзі оңай шаруа болмағаны анық.


Мектеп қарсаңында оқушының формасы мен қол сөмкесін айтпағанның өзінде, қаламсап пен кітап, дәптерлер дегеніңіздің бағалары да арзан болмайды. Оқу басталғаннан кейін ата-ананың қалтасын қағатын түрлі жарналар тағы шыға келеді.

Сонымен биыл балаңызды мектепке дайындау сіздің отбасылық бюджетіңізге қаншаға түсті? Өткен жылдармен салыстырғанда арзан ба, әлде қымбат па?

XS
SM
MD
LG