Accessibility links

Наполитано: АҚШ-қа террорлық шабуыл қаупі төніп тұр


2001 жылғы қыркүйектен бергі кезеңде дәл қазір АҚШ-қа қарсы террорлық шабуыл жасау қаупі шырқау шегінде тұр деп мәлімдеді ішкі қауіпсіздік министрі Джанет Наполитано.

Оның айтуынша, АҚШ-қа қауіп төндіретіндер қатарында осы елдің азаматтары да бар. Оларды экстремистер қатарына тарту үшін «Әл-Қаида» ұйымы мен оның жетекшісі Осама бин Ладен барлық күш-жігерін салады дейді Наполитано. Сонымен бірге террорлық іс-қимылдарға батыстың өзге елдерінің азаматтарын да қатыстыру шаралары белсенді жүргізіліп келеді деп ескертті министр.

Соңғы екі жылда АҚШ-та террорлық іс-әрекеттерге қатысы бар деген айыппен жауапқа тартылған 126 адамның 50-і – АҚШ азаматтары екені айтылып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG