Accessibility links

Ресейдің Пермь қаласында қоймадағы өрттен сегіз адам мерт болды


Ресей Федерациясының Пермь қаласындағы тұрмыстық химия заттары қоймасында шыққан өрттен қаза тапқандардың саны сегіз адамға жетті.

Бұған дейінгі ақпаратта өрттен жеті адам көз жұмып, үш адамның жарақат алғаны хабарланған еді. Алдын ала деректерге қарағанда, қаза болғандардың барлығы Пермьге басқа жақтан жұмысқа келгендер.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, көтерме сауда қоймасында өрт шыққаны туралы алғашқы хабар бейсенбі күні таңғы сағат бес шамасында келіп түскен. Өрт сөндіру қызметінің 127 адамы жұмылдырылып, арада екі сағаттан астам уақыт өткенде өрт ауыздықталған.

Алты мың шаршы метрді жалмап кеткен өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.
XS
SM
MD
LG