Accessibility links

Амантай қажы президент сайлауына түсуге өтініш тапсырды


Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына үміткер ретінде өзін өзі ұсынатыны туралы Амантай қажы Асылбектің өтінішін қабылдап алды деп хабарлайды Азаттық тілшісі Астанадан.

«Аттан Қазақстан» қозғалысының жетекшісі 68 жастағы Амантай қажы Асылбек 1990-жылдардың басында ядролық қару сынақтарын жүргізуге қарсы құрылған «Невада-Семей» қозғалысы белсенділерінің бірі болған. Ол осымен үшінші рет Қазақстан президентінің сайлауына үміткер ретінде қатысуға өтініш беріп отыр.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-іне тағайындалған. Кандидаттарды ұсыну ақпанның 20-сына дейін жалғасады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG