Accessibility links

Президенттікке кандидаттардың қолдау парақтарын тексеру мерзімі қысқарды


Қазақстан Орталық сайлау комиссиясының шешімі бойынша, президенттікке үміткерді қолдап қол қойылған парақтарды территориялық сайлау комиссияларының тексеру мерзімі 10 күннен 5 күнге қысқартылды.

Сонымен бірге Орталық сайлау комиссиясы қол қоятын парақтардың «Сайлау туралы» заң мен Конституция талаптарына сәйкестігін тексергеннен кейін президентікке үміткерлерге беру мерзімін 5 күннен 2 күнге дейін қысқартты.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-іне тағайындалған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG