Accessibility links

АҚШ Египет билігіне қысымын күшейтті


АҚШ Египет билігіне қысымын күшейтіп, елдегі саяси өзгерісті тездетуге шақырды. Ақ үй баспасөз хатшысы Роберт Гиббстың мәлімдеуінше, Вашингтон 82 жастағы Хосни Мүбәрәктен биліктің ауысуы бағытындағы нақты қадамдардың тездетілуін күтеді. Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама Сауд Арабиясының патшасы Абдулламен телефон арқылы сөйлескен кезінде айтты.

Египетте екі аптадан астам уақыттан бері жалғасып жатқан наразылық шараларына қарамастан, Мүбәрәк биліктен кетуден бас тартып отыр. Ол тек қыркүйек айындағы сайлауға түспейтінін айтты.
XS
SM
MD
LG