Accessibility links

ОСК: Дуамбеков президентікке үміткер ретінде Конституцияға сай келеді


Орталық сайлау комиссиясы Мұсағали Дуамбековты президенттікке кандидат ретінде сайлауға қатысу үшін Конституция мен Қазақстанның «Сайлау туралы» заңына сай келеді деп тапты. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлімдеді.

Тұрғанқұловтың айтуынша, Дуамбековке 5 мың дана қол қою парағы беріледі, бұдан соң кандидат өзін жақтаушылардың қолдарын жинауға кіріседі.

Сәрсенбі күні Мұсағали Дуамбеков мемлекеттік тілді еркін меңгеруін тексеретін емтиханнан өткен.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-іне тағайындалған. Кандидаттарды ұсыну ақпанның 20-сына дейін жалғасады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG