Accessibility links

Дублин Бішкектің бұрынғы министрді экстрадициялау туралы өтінішіне жауап бермеді


Қырғыз бас прокуратурасының мәлімдеуінше, Ирландия ресми өкілдері Бішкектің бұрынғы энергетика министрі Сапарбек Балкыбековты экстрадициялау жөніндегі өтінішіне әлі жауап бермеген. Бұл туралы Азаттық радиосының қырғыз қызметі хабарлады.

Биліктен қуылған бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің үкіметінде энергетика министрі болған Балкыбековке іздеу жарияланған еді. Оған "жемқорлықпен айналысты және ұрлық жасады" деген айыптар тағылған.

Өткен айда ішкі істер министрлігі Сапарбек Балкыбеков Дублиндегі туыстарының үйінде тұтқындалды деп хабарлаған болатын. Алайда Ирландия полициясы бұл хабарды растамаған.
XS
SM
MD
LG