Accessibility links

Тунисте бұрынғы президентпен байланысы бар бүлікшілер тұтқындалды


Тунис билігі бұрынғы президент Бен Әлимен байланысы бар қарулы бүлікшілердің тұтқындалғанын хабарлады.

Жақында Эль-Кеф қаласында болған тәртіпсіздіктерге осы адамдардың қатысы болуы мүмкін деген күдік айтылып отыр. Сондай-ақ тергеушілер олардың бұрынғы режим кезіндегі коррупциялық қылмыстарға қатысын да тексермек.

Соңғы бес күннің ішінде Тунистің бірқатар қалаларында болған тәртіпсіздіктер салдарынан кемінде бес адамның қаза тапқаны хабарланды.

Тунисті 23 жыл басқарған Зин әл-Әбидин Бен Әли елдегі жаппай наразылық шарасынан кейін қаңтардың 14-інде отбасымен Сауд Арабиясына қашып кеткен.
XS
SM
MD
LG