Accessibility links

Пәкістан соты америкалық дипломатты қамауда ұстау мерзімін ұзартты


Бүгін Пәкістан соты АҚШ дипломаты Рэймонд Дэвисті тағы екі апта қамауда ұстау туралы шешім шығарды.

Америкалық дипломат Лахорда қаңтардың 27-і күні тұтқындалған. Оған екі адамды атып өлтірген деген айып тағылып отыр. Дэвис өзіне қарсы шабуыл жасаған тонаушылардан қорғануға мәжбүр болғанын айтады.

Сәрсенбі күні АҚШ Конгресінің бірнеше мүшесі егер Пәкістан билігі америкалық дипломатты бостандыққа шығармаса, онда Исламабадқа берілетін жәрдемнің қысқартылуы мүмкін екенін ескерткен болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG