Accessibility links

Қырғызстан ескірген қызанақ пастасын Қытайға қайтарды


Қырғызстан тұтыну мерзімі өтіп кеткен мыңдаған тонна қызанақ пастасын Қытайға қайтарып жіберді деп хабарлайды Азаттық радиосының қырғыз қызметі.

Қырғызстан кеден қызметінің баспасөз хатшысы Абдылда Малдыбаевтың айтуынша, консервіленген қызанақ пастасы тиелген поезд вагондары елге көршілес Қытайдан қазан айында келген. Бішкектегі "Непман" компаниясы ескірген қызанақ пастасын Біріккен Араб Әмірліктеріндегі бір компаниядан сатып алған.

Қырғыз үкіметі бұл оқиғаға қатысты тергеу ісін бастады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG