Accessibility links

Египет армиясы Мүбәрәктің жоспарын қолдады


Египеттің қарулы күштері президент Хосни Мүбәрәктің өз құзырындағы биліктің бір бөлігін вице-президентке тапсыру жөніндегі жоспарын қолдады.

Армия Жоғарғы кеңесінің бұл туралы мәлімдемесі бүгін мемлекеттік телеарнадан оқылды. Оған сәйкес, Египеттің қарулы күштері қазіргі ахуал аяқталған соң елдегі төтенше жағдай алынады және осы жылы еркін және әділ сайлау өтеді деп уәде етті.

Мүбәрәк билік өкілеттіктерінің бір бөлігін вице-президент Омар Сулейманға тапсыратынын хабарлаған болатын.

Наразылық танытушылар бүгін үлкен шеру өткізетіндерін айтты.
XS
SM
MD
LG