Accessibility links

Египеттегі билік армияға тапсырылды


Египет президенті Хосни Мүбәрәк қызметінен кетіп, билікті ел армиясына тапсырды. Бұл туралы жұма күні вице-президент Омар Сулейман мемлекеттік телеарнадан хабарлады.

«Отандастарым, ел осындай қиын уақыттан өтіп жатқан кезде президент Хосни Мүбәрәк мемлекет басшысы қызметінен кету жөнінде шешім шығарды. Ол ел мәселелерінің бақылауын Қарулы күштердің Жоғарғы кеңесіне тапсырды. Құдай бізді қорғасын», - деді Сулейман.

Сөйтіп 30 жыл Египетті басқарған Мүбәрәк елде оған қарсы жалғасып жатқан жаппай шерулердің 18-ші күнінде биліктен кетті.

Бұл жаңалықты Каирдің Тахрир алаңындағы жүздеген мың наразылық танытушылар үлкен қуанышпен қабылдады. Адамдар көздеріне жас алып, қолдарындағы туларды желбіретіп, Мүбәрәктің биліктен кетуін тойлай бастады.
XS
SM
MD
LG