Accessibility links

Египет халқы Мүбәрәктің кетуін тойлап жатыр


Египет әскерилері Каирдің Тахрир алаңындағы баррикадаларды алып тастап жатыр. Дәл осы жерде елді 30 жыл басқарған президент Хосни Мүбәрәкті биліктен кетіруге бағытталған жаппай шерулер өткен болатын.

Елдегі кедейшілік, жемқорлық және репрессияларға наразылық танытушылар 18 күн қатарынан шерулер өткізген соң жұма күні Мүбәрәк билікті армияға тапсырып кетті. Египет халқы түнімен Мүбәрәктің биліктен кеткенін тойлады.

82 жастағы Мүбәрәк бір айдың ішінде тақтан құлатылған екінші Араб жетекшісі. Вице-президент Омар Сулейманның мәлімдеуінше, Египетті әзірше елдің әскери кеңесі басқаратын болады.
XS
SM
MD
LG