Accessibility links

Әлем елдері Мүбәрәктің биліктен кетуін оң бағалады


Әлем елдерінің басшылары мен жоғары лауазымды ресми өкілдері Египет президенті Хосни Мүбәрәктің биліктен кету жөніндегі шешімін қуанышпен қабылдап, елді тезірек демократия бағытында дамытуға шақырды.

АҚШ президенті Барак Обама мен Еуропа Одағының сыртқы саясат бойынша басшысы Кэтрин Эштон Египеттегі билік бейбіт жағдайда ауысқанына оң баға берді. Сонымен қатар Германия, Ұлыбритания, Франция Мүбәрәктің шешімін қолдап, Египетті еркін сайлау өткізуге шақырды.
XS
SM
MD
LG