Accessibility links

Амантай Асылбек бүгінгі тіл емтиханына келмей қалды


Президенттіктен үміткер Амантай қажы Асылбек бүгін қазақ тілі емтиханына белгісіз себептермен келмей қалды. Бұл туралы президенттікке кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, «Аттан, Қазақстан!» қозғалысының жетекшісі 68 жастағы Амантай қажы Асылбек енді Орталық сайлау комиссиясымен хабарласып өзінің өтінішін білдірсе, емтихан тапсыратын уақыт басқа күнге белгіленеді.

Конституцияға сәйкес, президенттікке үміткерлер мемлекеттік тілді еркін меңгерген азаматтар болуы тиіс.

Кандидаттарды ұсыну ақпанның 20-сына дейін жалғасады.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-не тағайындалған.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG