Accessibility links

Алжир мен Йеменде үкіметке қарсы шеру өтті


Шерулерге тыйым салынуына қарамастан сенбі күні Алжир астанасында үкіметке қарсы наразылық шарасы болып өтті.

Хабарларға қарағанда, наразылық танытушылар мен полиция арасында қақтығыстар болған. Шерушілер 1999 жылдан бері билікте отырған президент Абделазиз Бутефликаның үкіметіне наразылық танытты.

Сонымен қатар Йемен астанасы Санада бірнеше мың жастар жиналып, президент Али Абдалла Салехтің биліктен кетуін талап еткен.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG