Accessibility links

Сайлау комиссиясы Уәлихан Қайсардың екінші өтінішін қарамады


Сенбі күні Орталық сайлау комиссиясы оппозициялық саясаткер Уәлихан Қайсардың екінші өтінішін қарамау жөнінде шешім шығарды.

Қазақстанда мерзімінен бұрын өтетін президент сайлауына түсуге үміткер Уәлихан Қайсар ақпанның 10-ы екінші мәрте орталық сайлау комиссиясына өтініш тапсырған болатын. Оның алдында Уәлихан Қайсар қазақ тілі сынағынан өтпей қалды.

Уәлихан Қайсар сайлау комиссиясының шешіміне шағымданатынын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG