Accessibility links

Ақ үй Иранды манифестация өткізуге рұқсат беруге шақырды


Ақ үйдің қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Том Донилон Иран билігін араб елдерінде белең алған наразылық шерулеріне қолдау білдіргісі келген оппозицияның шеру өткізуіне рұқсат бермегені үшін сынға алды.

Донилон Иранды өз азаматтарының бейбіт жиын мен шеру өткізу құқын жүзеге асыруына рұқсат етуге шақырды. Ол Иран билігі азаматтардың демонстрацияға шығуына қарсы болу арқылы Египет халқы үшін «лайықты» болған қимыл-әрекетті өз азаматтары үшін «заңсыз» деп танып отыр деп мәлімдеген.

Иранның оппозиция жетекшілері Египет пен Тунистегі шерушілерге қолдау ретінде дүйсенбі күні шеру өткізуге рұқсат сұраған болатын, билік олардың өтініштерін қабылдаған жоқ.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG