Accessibility links

Куба тағы екі диссидентті бостандыққа жіберді


Кубада сенбі күні екі диссидент Хектор Маседа мен Анхель Мойя олардың өздерінің қарсы болғанына қарамастан түрмеден босатылған. Хабарларға қарағанда, ол екеуі абақтыда отырған басқа жеті саясм тұтқын босатылмайынша түрмеден кетпейміз деп мәлімдеген.

Куба билігі 2010 жылдың шілде айында католик шіркеуінің арағайындығымен қол жеткізілген келісімге сәйкес, 52 диссидентті босатуға уәде еткен еді. Олардың 11-і биліктің Испанияға барып тұрақтау жөніндегі ұсынысын қабыл алған болатын.

Ақпан айында босатылған екі саяси тұтқынның біреуі Америкаға эмиграцияға кететіндігін мәлімдеген-ді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG