Accessibility links

Египеттегі мұражайдан Тутанхамон мүсіні жоғалған


Елдегі қазіргі аласапыран жағдайды пайдаланған белгісіз біреулер Каирдегі мұражайдан бірнеше құнды экспонаттарды қымқырып кеткен.

Бұл ұрлық жөнінде осыдан бұрын айтылған ақпараттарды бүгін Египеттің ежелгі мәдениет бойынша министрі Захи Хавасс растаған. Қолды болған құндылықтардың арасында фараон Тутанхамонның қола мүсіні де бар делінеді.

Қарақшылар 28 қаңтар күні мұражай күзетілмей қалған сәтте мұражайға кіріп, бағалы экспонаттарды ұрлап кеткендігі хабарланып отыр.
XS
SM
MD
LG