Accessibility links

Жазушы Әзілхан Нұршайықов дүние салды


"Қазақ әдебиеті орны толмас қазаға душар болды. Кеше, 12 ақпан күні 89 жасқа қараған шағында жазушы-журналист, Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әзілхан Нұршайықов дүниеден озды"-, деп "Қазақпарат" жаңалықтар агенттігі хабар таратып отыр.

Әзілхан Нұршайықов 1922 жылдың 15 желтоқсанында бұрынғы Семей облысы Жарма ауданының Ақбұзау ауылында дүниеге келген.

Қалың көпшілікке етене жақын «Махаббат қызық, мол жылдар» романы (1970) мен «Ақиқат пен аңыз» роман‑дилогиясы (1973) жазушы шығар­ма­шы­лығының шырқау биігі саналады.
XS
SM
MD
LG