Accessibility links

Алжирдегі қозғалыс белсенділері тағы да шеру өткізбекші


Елдегі адам құқығын қорғаушылар, адвокаттар мен кәсіподақ мүшелерін біріктіретін «Алжирдегі демократиялық өзгерістер үшін» қозғалысы ақпанның 19-ы күні бүкіл ел көлемінде наразылық шеруіне шығуға үндеу тастады.

Ұйымдастырушылар өткен сенбі күні Алжирдегі наразылық шеруіне он мыңға жуық адам қатысқан десе, билік шерушілердің саны мың жарымдай ғана болды деп отыр.

Шерушілер Алжирді 1999 жылдан бері басқарып отырған президент Абделазиз Бутефликаның биліктен кетуін талап етіп көшеге шыққан еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG