Accessibility links

Қытай экономикасы әлемде екінші орынға шықты


Қытай жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша Жапонияны басып озып, әлемде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. Дегенмен жан басына шаққанда жалпы ішкі өнім көрсеткіші жағынан Жапония әлі де болса Қытайдан алда тұр.

2010 жылдың қортындысында Жапонияның жалпы ішкі өнім көрсеткіші – 5474 миллиард долларды, ал Қытайдыкі – 5879 миллиард долларды құраған.

2010 жылдың соңғы тоқсанында тұтынушылар сұранысы мен экспорт көлемінің қысқарып кетуі 1970-ші жылдардың басынан бері әлемде алдыңғы орындарда болып келген Жапония экономикасына кері әсер етті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG