Accessibility links

Каирде шерушілер қайтадан жинала бастады


Египет астанасы Каирде шерушілер қайтадан жинала бастады. Мыңдаған адам - банк қызметкерлері, қоғамдық көлік және жедел жәрдем көлігі жүргізушілері, туристік фирма қызметкерлері жалақыны көбейтуді талап етіп тұр.

Екі аптадан астам уақыт бойы үкіметке қарсы шеру өткен Тахрир алаңына 200 полицей де шықты. Олар қарсылық білдірушілерге қолдау танытып, бұрынғы ішкі істер министрін "халық мен полицияның арасына жік салды" деп айыптады. Көбі бұдан бұрынғы шеру кезінде қаза тапқан полицейлердің суреттерін ұстаған.

Египет билігін қолына алған Жоғарғы әскери кеңес парламентті таратып, Хосни Мүбәрәктің кезінде қабылданған конституцияның күшін жойғанын хабарлаған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG