Accessibility links

Тегеранда полиция оппозицияның шеруін өткізбей қойды


Иран астанасында оппозицияның Египет пен Тунистегі наразылықты қолдаған шеруін полиция өткізбей қойды.

Бірақ елдің орталық бөлігіндегі Исфахан қаласында жүз шақты адам шеруге шықты.

Иран билігі оппозиция жетекшілерінің жеке шеру өткізуіне тыйым салып, араб елдеріндегі жаппай толқуларға қатысты өтетін үкіметтік акцияларды қолдауға шақырды.

Полиция Тегеранда оппозиция жетекшісі Мир-Хосейн Мусавидің үйін қоршап, телефон байланысын үзіп тастады деп хабарлады Мусавидің сайты.

Иран қауіпсіздік күштері 2009 жылы Тегеранда үкіметке қарсы шерулерді аяусыз басып тастаған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG