Accessibility links

Египеттегі әскери билік қарсылық пен ереуілді доғаруға шақырды


Египеттің әскери билігі шеруге қатысушыларға қарсылық шарасы мен ереуілді тоқтату керегін айтты. Жоғарғы әскери кеңестің мәлімдемесі мемлекеттік телеарнадан оқылды.

Дүйсенбі күні Каирде және басқа қалаларда өткен шерулерге мыңдаған адам қатысты. Олар - банк қызметкерлері, қоғамдық көлік және жедел жәрдем көлігі жүргізушілері, туристік фирма қызметкерлері - жалақыны көбейтуді, жұмыс жағдайын жақсартуды талап етіп тұр.

Египет билігін қолына алған Жоғарғы әскери кеңес парламентті таратып, Хосни Мүбәрәктің кезінде қабылданған конституцияның күшін жойғанын, алдағы жарты жыл мерзімге - сайлаулар өткенге дейін билік басында қалатынын айтып мәлімдеме жасады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG