Accessibility links

Тегеранда оппозицияны жақтайтын жүздеген адам көшеге шықты


Тегеранның орталығында оппозицияшыл шерушілер мен полиция қақтығысып қалды.

Иран билігі оппозицияның Египет пен Тунистегі наразылықты қолдаған шеруіне тыйым салған. Бірақ бұған қарамастан, Иран астанасында жүздеген адам көшеге шықты. Полиция шерушілерді орталық алаңға жібермеу үшін аспанға қарата мылтық атқан.

Билік оппозиция жетекшілерінің бірі Мир-Хосейн Мусавидің үйін қоршап, оны шығармай қойды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG