Accessibility links

Дағыстандағы жарылыстардан екі адам қаза тауып, бірнеше кісі жараланды


Дүйсенбі күні Дағыстандағы Қарабудахкент ауданы Губден елдімекенінде милиция қызметкерлеріне жасалған екі шабуылдан кемінде екі адам мерт болып, 20-дан аса кісі жараланған.

Алғашқы шабуылда - Губденге кіреберістегі милиция бекетінде жанкешті әйел жасаған жарылыстан бір әскери қызметкер қаза болып, төрт адам жараланғаны туралы хабарланды.

Арада біраз уақыт өткенде екінші жанкешті сол жерде автокөлікті жарған. Ол жарылыстан бір адам мерт болып, 17 кісі жараланған. Зардап шеккендердің барлығы - милиция және ішкі істер әскери қызметкерлері.
XS
SM
MD
LG