Accessibility links

Пентагон 2012 жылғы әскери шығын жобасын ұсынды


Пентагон биыл АҚШ мемлекеттік бюджетінен қорғаныс саласына 671 миллиард доллар бөлуді сұрап отыр.

Пентагон жобасында Ауғанстандағы әскери шараларды жалғастыруға және Ирақтағы америкалық әскери контингенттің қажетіне 118 миллиард доллар жұмсау көзделген.

АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтстің айтуынша, жоба бойынша Ауғанстандағы америкалық әскер саны 98 мың адам болмақ. Егер Ауғанстандағы жағдай жақсарса, ол елден АҚШ әскерилерін мерзімінен бұрын шығарып қаржы үнемдеуге мүмкіндік туады деді министр.

АҚШ пен оның одақтастары 2014 жылдың соңына қарай Ауғанстандағы қауіпсіздік үшін жауапкершілікті жергілікті биліктің құзырына толық өткізіп беруді жоспарлап отыр.
XS
SM
MD
LG