Accessibility links

Сирия блог жазған мектеп оқушысын бес жылға соттады


Сирияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі соты интернетте жеке блогын жазған Тал әл-Молухи есімді қызды «АҚШ-қа құпия ақпаратты берді» деп айыптап, бес жылға соттау туралы үкім шығарды.

Мектепте оқитын 19 жастағы Тал әл-Молухи блогындағы жазбаларда АҚШ президенті Барак Обамадан Палестина халқына жәрдем беруді сұраған.

Сирия билігі Тал әл-Молухиді «шпиондық жасады» деп кінәлап, 2009 жылдан бері тұтқында ұстап отыр.

АҚШ мемлекеттік департаменті оқушы қызға тағылған айыптың негізсіз екендігін айтып, Сирия билігін Тал әл-Молухиді босатуға шақырды.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG