Accessibility links

Бордюжа мен қырғыз премьері қауіпсіздікті талқылады


ТМД Ұжымдық қауіпсіздік келісімі ұйымының бас хатшысы Николай Бордюжа аймақтағы қауіпсіздік мәселесін талқылау үшін бүгін Қырғызстанға барды.

Бордюжа Бішкекте қырғыз премьер-министрі Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Үшкүндік сапары барысында ол президент Роза Отунбаевамен және елдің тағы басқа ресми өкілдерімен келіссөз өткізеді.

Өткен жылғы этникалық қақтығыстардан кейін Қырғызстанда қауіпсіздік мәселесі басты проблемалардың біріне айналған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG