Accessibility links

Қытайда қазақ диссиденті, жазушы Қажығұмар Шабданұлы дүние салды


Бүгін таңертең Қытайдың Шәуешек қаласында 86 жасқа қараған шағында қазақ жазушысы Қажығұмар Шабданұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан соң дүниеден өтті. Бұл хабарды Азаттық радиосына марқұмның Алматыда тұратын күйеу баласы Тілек Кенжебек растады.

– Бүгін таңертең ол кісінің өмірден қайтқаны туралы хабар алдық. Бейсенбі күні Шәуешекте жерленеді, – деді ол.

1925 жылы Шығыс Қазақстанда туған Қажығұмар Шабданұлы 1930 жылдардың басында ашаршылықтан бас сауғалаған жақындарымен бірге Қытайға өткен.

1944 жылы Үрімжіде оқып жүрген кезінде ұлттық азшылықтар көтерілісіне байланысы бар деген айыптаумен алғаш рет Қытай түрмеге қамалған. 1952 жылы қызмет бабымен Үрімжі қаласына шақырылып, әуелі «Одақ» журналының, кейін «Шұғыла» журналының бас редакторы қызметтерін атқарған. 1958 жылы саяси айыптаулармен сотталып, 22 жыл бойы Такламакан шөліндегі Тарым лагерінде айдауда болған.

1986 жылдың желтоқсанында «ұлттық дербестікті көздейтін «Үміт» атты партия құрды және Қазақстанның астыртын ұйымдарымен байланыс жасады», «шетел жансызы» деген айыптаулармен 15 жылға бас бостандығынан айырылған. Түрмеден шыққан соң өмірінің соңына дейін Қытай билігі оны үйқамақта ұстады.

2009 жылы Қажығұмар Шабданұлының алты томдық «Қылмыс» романы Алматыда басылып шықты. Былтыр ол шығарма Қазақстанның мемлекеттік сыйлығына ұсынылған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG