Accessibility links

Алматыдағы «Зеленстрой» кәсіпорыны жұмысшылары ереуілге шықты


Бүгін Алматы қаласындағы «Зеленстрой» акционерлік қоғамының жұмысшылары өздеріне соңғы бес айдың еңбекақысы төленгенше жұмысты тоқтататындарын мәлімдеп, кәсіпорын кеңсесі алдында наразылық жиынын өткізді. Бұл туралы оқиға орнынан Азаттық тілшісі хабарлады.

– Бізге бес айдан бері ақшамызды төлеген жоқ, балаларымыз үйде аш отыр. Кәсіпорын басшылығы бізге осы кезге дейін құрғақ уәде беріп келді, әбден тойып болдық. Енді бізге ақшамызды дереу төлеуді талап етеміз, – деді өз атын-жөнін атағысы келмеген жұмысшы әйелдердің бірі.

Акционерлік қоғам президенті Арыстанбек Тәниев қазіргі кезде кәсіпорын банктердің бірінен жұмысшыларға жалақы төлеу үшін несие алып жатқанын айтып, еңбекақы қарызы келесі аптада төленетіндігіне жұмысшыларды сендіруге тырысты. Оның айтуынша, қазіргі кезде 365 жұмысшыға еңбекақы үшін кәсіпорынның қарызы 60 миллион теңгені ($1=148 теңге – Азаттық.) құрап отыр.

«Зеленстрой» акционерлік қоғамы Алматыда көгалдандыру жұмыстарымен айналысатын кәсіпорын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG