Accessibility links

Йеменде үкіметті қолдаушылар мен наразылық танытушылар қақтығысты


Йемен астанасы Санада президент Әли Абдулла Салехтің қолдаушылары мен оған қарсы наразылық танытушылар арасында төртінші күн қатарынан қақтығыс болды.

Үкіметке қарсы шерушілер Сана университетінде жиналып, қала орталығына бармақшы болған кезде оларға үкіметті қолдаушылар шабуылдаған. Хабарларға қарағанда, билікті қолдаушылар қолдарына тас, таяқ және пышақтар алып шыққан.

Полиция шерушілерге ескерту жасап, әуеге оқ атқан бірақ қақтығысқан тараптарды ажырата алмаған.

Тунис пен Египеттегі көтелірістен жігерленген наразылық танытушылар 30 жылдан астам уақыттан бері билікте отырған президент Салехтің кетуін талап етіп жатыр.

AzattyqTV

24 наурыз

AzatNews

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG