Accessibility links

Мэлс Елеусізов президент сайлауына түсуге өтініш берді


«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов кезектен тыс президент сайлауына өзін-өзі үміткер ретінде ұсынатыны туралы өтінішін Орталық сайлау комиссиясына тапсырды. Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі хабарлады.

60 жастағы Елеусізов – 2005 жылы желтоқсанның 4-інде өткен президент сайлауына саяси бәсекеге түскен бес үміткердің бірі. Ресми дерек бойынша, ол жолы дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 0,28 пайызы Мэлс Елеусізовті қолдаған.

Қазақстанда сәуірдің 3-інде өтетін кезектен тыс президент сайлауына кандидаттарды ұсыну ақпанның 20-сына дейін жалғасады.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG