Accessibility links

Вьетнамда 8 шетелдік турист суға кетті


Вьетнамның солтүстігіндегі Халонг айлағында шетелдік туристер серуендеуге мінген қайық су түбіне батып, кемінде сегіз адамның суға кеткені хабарланды.

Тағы бес адамнан хабар-ошар жоқ.

Қайықта 11 елдің (АҚШ, Дания, Ұлыбритания, Швеция, Швейцария, Италия, Германия, Жапония, Ресей және тағы басқа мемлекеттердің) азаматтары болған.

Апатқа не себеп болғаны әзірше белгісіз.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG