Accessibility links

Ресейде екі адам H1N1 дертінен қайтыс болды


Ресейдің Челябі облысында екі әйел H1N1 дертінен көз жұмды.

Тергеу комитетінің облыстық басқармасының хабарлауынша, әзірше алдын-ала қорытынды жасалған. Қазір марқұмдардың ажалына не себеп болғанын анықтау мақсатында сараптама жүргізіліп жатыр.

Бұған дейін қаңтар айында осы облыста H1N1 дертін жұқтырған үш адамның көз жұмғаны хабарланған еді.

Челябі облысы Қазақстанның Қостанай облысымен шекаралас.
XS
SM
MD
LG